Құрметті азаматтар мен өтініш берушілер!
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық мекемелерінде шетелдік азаматтарға Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаның тоқтатылуына байланысты, ЖСН алудың маңызды балама тәсілі туралы хабарлаймыз.
Сіздерге қолайлылық пен қажетті цифрлық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы болып табылатын eResidency ресми онлайн-платформасы іске қосылды. Аталған платформа арқылы цифрлық сәйкестендіруді және ЖСН-ды толықтай онлайн форматта төмендегі портал арқылы алуға болады: https://eresidency.gov.kz/en
eResidency арқылы ресімдеудің артықшылықтары:
Барлық мүдделі шетелдік азаматтарға ЖСН және оған байланысты қызметтерді алу үшін осы сервисті пайдалануды ұсынамыз. Өтініш беру рәсімін бастау үшін жоғарыда көрсетілген eResidency порталына өтіңіздер.
Электрондық цифрлық қолтаңба, қысқаша ЭЦҚ, түрлі онлайн қызметтерді (анықтамаларды алудан бастап мемлекеттік сатып алуларға қатысуға дейін) алған кезде сіздің электрондық цифрлық қолтаңбаңыздың функциясын атқара отырып, оның иесі туралы құпия ақпаратты қамтиды. Сондықтан, қауіпсіздікті сақтау мақсатында ЭЦҚ қолданысын жыл сайын ұзартып отыру қажет. Сөйтіп, сіз сертификаттар жоғалмағанын және өзіңіздің қолыңызда болғанын, бөтен адамдардың қолына түспегенін растайсыз.
«Жеке сәйкестендіру нөмірі» ЖСН – Қазақстандағы кез келген цифрлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін керек. Шартты түрде бұл сіздің сервистер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға құқылы адамдардың деректер базасындағы бірегей кодыңыз.
КОНСУЛДЫҚ БӨЛІМНІҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ:
Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма.
Сәрсенбі - қабылдамайтын күн. Демалыс күндері және Қазақстан мереке күндері күндері: жабық.
Мекенжайы: 4576 Yonge Street, Suite 413, Toronto, Ontario, M2N 6N4 Canada.
Құжаттарды қабылдау 09:30 - 12:30 аралығында алдын-ала жазылу арқылы жүргізіледі.
Телефон арқылы кеңес беру: 15:00 - 16:00 аралығында +14162210111 байланыс нөмірі арқылы беріледі.
*Консулдық қызметтер/ құжаттар тізімі жөнінде сұрауды мына электрондық поштаға жазуды өтінеміз: consul.toronto@mfa.kz
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел жәрдем байланысы: +1 437 808 8824
Назар аударыңыз!
Жедел телефон нөмірлеріне Торонто қаласындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда (туысқанының немесе досының қайтыс болуы, ұстау, полиция қызметкерлерімен қамауға алу) ғана хабарласу қажет.
Бұл жедел қызмет нөмірі арқылы мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат берілмейтінін ескеріңіз.
2024 ж. 1 қаңтардан бастап 16 жастан асқан өтініш берушілер міндетті түрде Қазақстанға виза ресімдеу шеңберінде дактилоскопиялық тіркеуден өтуі тиіс.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелері көрсетеді.
Шетелде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру
БЕРІЛЕТІН АНЫҚТАМАЛАР:
Туу туралы қайталама куәлік беру;
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәлік беру;
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қайталама куәлік беру;
Қайтыс болу туралы қайталама куәлік беру;
Туу туралы анықтама беру;
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы анықтама беру;
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама беру;
Қайтыс болуы туралы анықтама беру;
Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру.
Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдіктерді есепке алу
Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде консулдық есепке қоюдың мақсаты:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) ҚР азаматтарының болу елінің заңнамасымен Қазақстан Республикасы мен қабылдаушы болу мемлекет қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық әдет-ғұрыптармен берілген барлық құқықтарды пайдалануына жан-жақты көмек көрсету.
Консулдық есептің түрлері