Құрметті азаматтар мен өтініш берушілер!
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық мекемелерінде шетелдік азаматтарға Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаның тоқтатылуына байланысты, ЖСН алудың маңызды балама тәсілі туралы хабарлаймыз.
Сіздерге қолайлылық пен қажетті цифрлық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы болып табылатын eResidency ресми онлайн-платформасы іске қосылды. Аталған платформа арқылы цифрлық сәйкестендіруді және ЖСН-ды толықтай онлайн форматта төмендегі портал арқылы алуға болады: https://eresidency.gov.kz/en
eResidency арқылы ресімдеудің артықшылықтары:
Барлық мүдделі шетелдік азаматтарға ЖСН және оған байланысты қызметтерді алу үшін осы сервисті пайдалануды ұсынамыз. Өтініш беру рәсімін бастау үшін жоғарыда көрсетілген eResidency порталына өтіңіздер.
Электрондық цифрлық қолтаңба, қысқаша ЭЦҚ, түрлі онлайн қызметтерді (анықтамаларды алудан бастап мемлекеттік сатып алуларға қатысуға дейін) алған кезде сіздің электрондық цифрлық қолтаңбаңыздың функциясын атқара отырып, оның иесі туралы құпия ақпаратты қамтиды. Сондықтан, қауіпсіздікті сақтау мақсатында ЭЦҚ қолданысын жыл сайын ұзартып отыру қажет. Сөйтіп, сіз сертификаттар жоғалмағанын және өзіңіздің қолыңызда болғанын, бөтен адамдардың қолына түспегенін растайсыз.
«Жеке сәйкестендіру нөмірі» ЖСН – Қазақстандағы кез келген цифрлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін керек. Шартты түрде бұл сіздің сервистер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға құқылы адамдардың деректер базасындағы бірегей кодыңыз.