Консулдық алымдар тек АҚШ долларында алынады.
Төлемдер тек «Money Order» түрінде қабылданады. Консулдық төлемдер қолма-қол ақшамен, кредит, дебеттік төлем карточкаларымен немесе жеке чектермен қабылданбайды.
«Money Order» Канададағы банктердің бірімен «Embassy of Kazakhstan» атына шығарылуы керек.
Консулдық алымның мөлшері алынған қызметке байланысты. Нақты сома әр қызмет үшін қажетті құжаттардың сипаттамасында бөлек көрсетілген.