Азаматтығын жоғалту – Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың түрі.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту негіздері:
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін ҚР Торонто қаласындағы Консулдығына келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1. Өтініш.
2. Қазақстан Республикасының паспорты (түпнұсқа).
- Қазақстан Республикасының паспорты жоғалған жағдайда өтініште паспорттың қашан және қандай жағдайда жоғалғаны көрсету, сондай-ақ жеке басын куәландыратын басқа құжаттың түпнұсқасын салыстырып тексеру үшін ұсыну қажет.
3. Канада азаматы паспортының көшірмесі (Канада азаматтығының болуын растайтын сертификаты ғана болған жағдайда, сертификаттың қазақ немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасы болуы керек).
- Шетелдік паспорт бойынша тегі, аты немесе әкесінің аты өзгертілген жағдайда, оны растайтын құжаттың көшірмесі (неке қию туралы куәлік, тегін, атын өзгерту туралы сертификат және т.с.с.).
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу туралы анықтама алу үшін ҚР Торонто қаласындағы Консулдығына қосымша келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1. Өтініш.
2. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі.
3. Консулдық алым - 50 АҚШ доллар көлемінде «Embassy of Kazakhstan» атына жазылған «Money order».
Анықтаманы беру мерзімі - 5 күн ішінде.