Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттарды ресімдеу
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан – әрі ҚР ІІМ) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы):
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарға;
2) шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатындарға;
3) шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда кәмелетке толмағандарға;
5) көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
6) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатындарға;
7) шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;
8) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және организм функциялары бұзылып, тұрмыс-тіршілігін шектейтіндей тұрақты денсаулығы нашарлаған адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарын күтуді жүзеге асыратын адамдарға;
9) шет мемлекеттің аумағында ұсталғандарға немесе күзетпен ұсталғандарға, қамауға алынғандарға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеушілерге көрсетеді.