
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясын саралаудың жаңа кодын енгізді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге айтты.
«Соңғы бірнеше айдың ішінде COVD-19 ауруы және оған қарсы күрес бойынша жаңа білім алдық. ДДСҰ бұл ауруды саралаудың жаңа кодтарын енгізді. Пневмонияның күрт өскені туралы Қазақстан тарапынан мәлімет келіп түсті. Оның бірі сол COVID-19 ауруымен байланысты. ДДСҰ-ның референс-зертханаларында тестілеу мүмкіндігін жасаған Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігіне алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі ауруды жаңаша саралауға келісті. Бұл қадам COVID-19 ауруының ықтимал жағдайлары бойынша пациенттерді жеткілікті дәрежеде саралауға мүмкіндік береді. Бұл – Еуропалық аймақтағы және әлемдегі әрбір мемлекеттер ауруларды саралаудың халықаралық талаптарына сай бағалап жатқанын көрсетеді», - деді Ханс Клюге. Оның айтуынша әрбір ауруға код белгіленеді.
«Мемлекеттердің көбі осы модельмен жүрер деген сенімдемін», - деп есептейді Ханс Клюге.