
Токио, 2024 жылғы 10 мамыр - Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Сабыр Есімбеков Жапония Экология министрлігінің Парламенттік Вице-министрі Кентаро Асахимен кездесті.
Елші С.Есімбеков елімізде жоспарланған екіжақты және көпжақты іс-шаралармен таныстыра отырып, Жапониямен жасыл энергетика, қоршаған ортаны қорғау және декарбонизация салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуетіне тоқталды.
К.Асахи экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, Қазақстанмен жасыл энергетика және декарбонизация салаларындағы нақты жобаларды жүзеге асыруға мүдделілігін танытты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар жасыл энергетика және декарбонизация салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында тығыз қарым-қатынастарды жалғастыруға келісті.