Бір жақты визасыз режимді уақытша тоқтату туралы

Бір жақты визасыз режимді уақытша тоқтату туралы

Маңызды ақпарат!

Әлемде коронавирус (COVID-19) індетінің кең таралуына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі №220 қаулысымен 57 мемлекеттің, оның ішінде Жапония азаматтары үшін Қазақстан Республикасы аумағында 30 күндік мерзімге дейін біржақты негізде орнатылған визасыз болу тәртібі уақытша тоқтатылды. Виза рәсімдеу барысында шетел азаматында коронавирус инфекциясының жоқ екенін растайтын соңғы 48 сағатта алынған медициналық анықтама болуы тиіс.