
Токио, Канагава, Сайтама, Чиба, Осака, Хиёго және Фукуока префектураларында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты барлығыңызды үйден аса қажетсіз шықпауға және жергілікті билік белгілеген режимді сақтауға шақырамыз.
Жапониядан Қазақстанға халықаралық жолаушылар рейстерінің болмауымен сипатталатын қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Жапония аумағында белгісіз мерзімге қалуға дайын болуды сұраймыз.
Консулдық және визалық мәселелер, оның ішінде Жапония аумағында болу мәртебесі туралы консультацияны +81 80 2111 0909 телефон арқылы тәулік бойы "жедел желі" арқылы алуға болады.
Консулдық есепке тұрмаған Қазақстан азаматтарын тұрғылықты жерін анықтау және байланыс деректерін беру үшін келесі сілтеме бойынша сауалнаманы толтыруды сұраймыз: https://bit.ly/2V5RJ08