Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы

Хабарлама

Құрметті азамат!

Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа типінің өршуінің жариялануына байланысты және инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сізден өз денсаулығыңызды сақтау мақсатында мынадай профилактика шараларын сақтауды сұраймын:

  • дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу; 
  • үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету;
  • күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;
  • қолды сабынмен жиі жуу; 
  • жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;
  • аурудың белгілері (дене қызуының жоғарылауы, мұрынның бітелуі, жөтел және басқалар) пайда болған кезде жедел жәрдем шақыру;
  • жөтелу әдебін сақтау (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде ауызды бір рет қолданылатын сүлгілермен немесе киіммен жабыңыз және қолды жуыңыз).

 

Оқшауланған адам үйдегі карантин жағдайларында:

  • жақсы желдетілетін жеке бөлме бөлінуі;
  • оған басқа адамдардың келуін болдырмау;
  • оның халықтың көп жиналатын орындарына баруын болдырмау;
  • қоғамдық көлікті пайдаланбауы қажет.

Тұрғындарға арналған профилактика шаралары                                          

1. Дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу;

2. Профилактика шараларын сақтау:

  • үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету;
  • күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;
  • қолды сабынмен жиі жуу; 
  • жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;

3. Дене қызуы бар адамдар қоғамдық орындарға бармауы және медициналық көмекке уақтылы жүгінуі керек;

4. 1406 телефоны арқылы күдікті жағдайлар және қол жеткізілмеген медициналық көмек туралы хабарлау.

 

COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдер

 

1 а) санат

ҚХР

Иран

 

 

1 б) санат

ҚХР Гонконг АӘА

ҚХР Макао АӘА

Тайвань (ҚХР) Оңтүстік Корея Жапония

Италия

 

 

2 санат

Сингапур

 

Таиланд

 

Азербайжан 

 

 

3 санат

Германия

 

АҚШ

 

БАӘ

 

Ұлыбритания

 

Франция

 

Бахрейн 

 

Кувейт 

 

Испания 

 

Малайзия

 

Қазақстан Республикасының 

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 

Ж. Бекшин