Наурыз мейрамы қарсаңында, сондай-ақ Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігі Қазақстанның жапон достарының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды

Шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері талқыланды.  Сондай-ақ Қазақстан тарихының белгілі зерттеушісі Томохико Уямаға ІІ дәрежелі «Достық» орденін және Жапонияның Қазақстандағы тұңғыш Елшісі Акира Мацуиге «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыс ету рәсімі өтті.