Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасынан құжаттарды сұрату тәртібі

Қазақстаннан құжаттарды сұрату тәртібі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің 2002 ж. 22 мамырдағы №08-1/1 және Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2002 ж. 28 мамырдағы №98 Бірлескен бұйрықтарымен бекітілген ережемен реттеледі (бұдан әрі – Ереже).

Жапонияда тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасынан құжаттарды сұрату үшін Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің Консулдық бөліміне жүгінеді.

Қазақстан Республикасынан құжаттарды сұрату мерзімі 3 және одан көп ай уақытты құрайды.

Қазақстан Республикасынан құжаттарды сұрату үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  • 1.Еркін нысанда өтініш;
  1. Құжаттарды сұрату бойынша сауалнама;
  2. Сұратылып отырылған құжаттың көшірмесі (егер бар болса);
  3. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар – түпнұсқасы және көшірмесі;
  4. Консулдық алымның (30$) төленгені туралы түбіршектің түпнұсқасы.

Ереженің 3-тармағына сәйкес, азаматтар келесі құжаттарды сұрату туралы өтініш бере алады:

  • Азаматтық жағдайын тіркеу актісі туралы құжаттарды (тууы, қайтыс болу туралы, неке қию және бұзғаны, әкелігін анықтау, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктер);
  • Құқықтық сипаттағы әлеуметтік мәліметтер (еңбек өтілімі, еңбек ақысы, зейнеткерлігі, білімі, ғылыми дәреже берілуі, ғылыми атақтың берілуі және біліктілігін арттыруы, мемлекеттік және ведомстволық марапаттар, негізсіз қуғын-сүргін фактілері, азаматтарды жер аудару және мүліктерін тәркілеу, әскери қызметі, еңбек әскеріне қатысуы және т.б. туралы);
  • Емдеуде болуы, кәсіби аурулары және жазатайым уақиғалар туралы мәліметтер;
  • Ереженің 4-тармағына сәйкес, әскери билеттердің және қызметтік куәліктердің түп нұсқалары мен көшірмелерін шығаруға, сұратып алуға, жіберуге болмайды.

Ереженің 16-тармағына сәйкес, жеке тұлғалардың келесі құжаттарды сұратып алуы қанағаттандырылмайды:

  • Азаматтық жағдайын тіркеу актісі туралы қайта берілген куәліктер, егер олар өтініш берушіге емес, басқа тұлғаларға рәсімделген болса;
  • Некеге тұру туралы куәліктер, егер неке бұзылған болса (тиісті анықтама беріледі);
  • Қайтыс болғандардың туу туралы куәліктері.

Консулдық алым сұратып алудың нәтижелеріне қарамастан алынады.

 

Қазақстан Республикасынан құжаттарды сұрату мерзімі 3 және одан көп ай уақытты құрайды.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 629-бабына сәйкес төленген консулдық алым сомасы қайтарылмайды.

Дата публикации
07 апреля 2020
Дата обновления
07 апреля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 июня 2025
ҚР азаматтығынан шығу
11 июня 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу
11 июня 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі
Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі
Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі
Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары