Меню

Страницы

Статья

Консулдық тіркеу

Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігі келесі санаттағы Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуге алады

  1. консулдық аумақ территориясында тұрғылықты тұрып жатқандарды;
  2. консулдық аумақ территориясында уақытша тұрып жатқандарды.

Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуге алу мақсаттары:

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау;
  2. Қазақстан Республикасы азаматтарының болу елінің заңнамаларымен және Қазақстан Республикасы мен болу мемлекеті мүшесі болып табылатын халықаралық келісімдер бойынша берілген барлық құқықтарын қолдануға жан-жақты көмек көрсету.

Тұрақты консулдық есепке алу үшін Консулдық бөлімге келесі құжаттар ұсынылуы қажет:

  1. Өтініш;
  2. Толтырылған тіркеу карточкасы;
  3. 3,5 х 4,5 өлшемдегі бір фото сурет;
  4. Паспорттың 1-ші парағының көшірмесі;
  5. Жапонияда тұру туралы ықтиярхат көшірмесі;
  6. Кету парағы (түп нұсқасы және көшірмесі) болған жағдайда.

Уақытша консулдық есепке алу үшін Консулдық бөлімге келесі құжаттар ұсынылуы қажет:

  1. Өтініш;
  2. Толтырылған (уақытша) тіркеу карточкасы;
  3. 3,5 х 4,5 өлшемдегі бір фото сурет;
  4. Паспорттың 1-ші парағының көшірмесі;
  5. Оқу немесе жұмыс орнынан анықтама;
  6. Жапонияда тұру туралы ықтиярхат көшірмесі;

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын консулдық есептен алу

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары, егер ҚР-ға қайта тұрғылықты тұруға немесе үшінші елге көшіп бара жатса, онда ҚР-дың шет елдердегі мекемелеріндегі консулдық есептен шығару туралы бірінші консулдық есепке тұрған мекемеге өтініш білдіру қажет. Егер Сіз бірінші мәрте консулдық есепке ҚР-дың Жапониядағы Елшілігінде тұрған болсаңыз, онда осы аталған мекемеден консулдық есептен шығуыңыз тиіс.

Консулдық есептен шығу үшін ҚР Жапониядағы Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

Жапонияда уақытша тұрып жатқандар:

1. Өтініш.

Жапонияда тұрақты тұрып жатқандар:

  1. Өтініш;
  2. Паспорттың көшірмесі;
  3. Есепке қою мөрі бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет (Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін).

Анықтама: Қазақстан Республикасының азаматы келесі жағдайларда консулдық тіркеуден шығарылады:

1) өзі немесе оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне есептен шығу туралы еркін нысанда жасалған өтініш берсе;
2) оның Қазақстан Республикасының басқа шетелдегі мекемесінде есепке қойылғаны туралы хабарлама келсе;

3) есеп карточкасында/карточкада көрсетілген консулдық округ аумағындағы, уақытша орналасу немесе тұрақты тұру мерзімі аяқталса;

4) қайтыс болса, оның хабар-ошарсыз кеткені немесе қайтыс болғаны туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;

5) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылса.

Дата публикации
07 апреля 2020
Дата обновления
07 апреля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 июня 2025
ҚР азаматтығынан шығу
11 июня 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу
11 июня 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі
Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі
Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі
Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары