Меню

Страницы

Статья

Виза мәселелері

Мүдделі тұлғалардың назарына

2022 жылғы 8 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация туралы паспортты/анықтаманы және Қазақстанға кірген кезде ПТР-тесттің теріс нәтижесін ұсыну талабын алып тастады.

  • Визаға өтінішті жеке немесе сенімхат бойынша беруге болады. Өкіл арқылы өтініш берген жағдайды сенімхат талап етіледі
  • Паспорттың түпнұсқасы және оның көшірмесі
  • Шақыру хаты
  • 3x4 бір түсті немесе ақ-қара фотосурет (сауалнамамен бірге)
  • Визалық сауалнама
  • Шет мемлекеттердің жалпы азаматтық, дипломатиялық және қызметтік паспорттарының иелеріне арналған визалық шаралар туралы ақпаратты мына сілтеме бойынша табуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/article/details/6764?lang=en
  • Жапон азаматтары визаны ресімдеу үшін визалық алым алынбайды. Басқа елдер азаматтарының виза алу шарттары мен тәртібі жөнінде Елшіліктен қосымша нақтылау қажет.
  • Курьерлік қызмет, пошта байланысы немесе электрондық пошта бойынша құжаттар қабылданбайды.

Егер сізде сұрақтар туындаса, Елшіліктің Консулдық бөліміне хабарласыңыз.

Телефон: +81-3-3589-1826

E-mail: japan@mfa.kz

Визалық алымдар:

- бірмәртелік виза және оны ұзарту (туристік және транзиттік визалардан басқа) - 80$

- көпмәртелік виза және оны ұзарту (туристік және транзиттік визалардан басқа) –

1 жылға 200$

- туристік виза (бірмәртелік) - 60$

- туристік виза (бірмәртелік) - 90$

- транзиттік виза (бірмәртелік) - 20$

- транзиттік виза (бірмертелік) - 90$

Жапония азаматтарынан басқа визалық алымдар Қазақстанның Жапониядағы Елшілігіне келесі банктік аударым арқылы төленуі керек:

Beneficiary's name: Embassy of the Republic of Kazakhstan

Beneficiary's account number: 3903002

Bank account: The Bank of Tokyo –Mitsubishi UFJ, LTD.,

Shibuya – Meijidori Branch

(Swift code: BOTKJPJT)

Консулдық бөлімнің жұмыс уақыты:

Құжаттарды қабылдау: 09:30 - 12: 30

Құжаттарды беру: 16:00 - 17:00

Жұмыс күндері: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма

Құжаттар қабылдайтын күндер: Консулдық бөлім сәрсенбі және Қазақстанның мереке күндері жабық.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері:

* Мереке күндерін ауыстыру

Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады.

Қазақстан Республикасының ресми мемлекеттік және ұлттық мерекелері:

1-2 қаңтар

Жаңа жыл (демалыс күні 1 қаңтар жексенбіден 3 қаңтар сейсенбіге ауыстырылады)

8 наурыз

Халықаралық әйелдер күні 

21-23 наурыз

Наурыз мейрамы

1 мамыр

Қазақстан халқының бірлігі күні 

7 мамыр

Отан Қорғаушы күні (7 мамыр жексенбіден 8 мамыр дүйсенбіге ауыстырылады) 

9 мамыр

Жеңіс күні

6 шілде

Астана күні

30 тамыз

Конституция күні 

25 қазан

Республика күні 

16 желтоқсан

Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан сенбіден 18 желтоқсан дүйсенбіге ауыстырылады)

Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады (ауыстырусыз).

2023 жылы Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымға тура келеді.

Дата публикации
17 марта 2020
Дата обновления
17 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 июня 2025
ҚР азаматтығынан шығу
11 июня 2025
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету
11 июня 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі
Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі
Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі
Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары