Меню

Страницы

Статья

Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу

«Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 1.Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары):

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;

2) www.​egov.​kz"электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап көрсету мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушіге, портал арқылы өтініш берген кезде бір жұмыс күні.

 3.Мемлекеттік қызмет көрсету түрі: Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде.

 4.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Қайтыс болуы туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

5.Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі: Тегін.

 6.Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті берушіге:

1) шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 18-қосымшаға сәйкес қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;);

2) медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат немесе қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі (салыстыру үшін);

3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, қайтыс болған адамның жеке куәлігі (болған жағдайда, қайтыс болған адамның жеке куәлігі болмаған жағдайда өтініште себептері көрсетілуі тиіс);

4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш білдірген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;

5) қайтыс болған адамның әскери билеті (болған жағдайда);

6) қажет болған жағдайда жақын туысты растайтын құжат (салыстыру үшін).
Порталға:
1) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы электрондық өтініш;

2) медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжаттың электрондық көшірмесі не қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі;
3) қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжат және әскери билеті туралы мәліметтер (ол болған жағдайда түпнұсқасы шет елдегі мекемеге тапсырылады, қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда өтініште себептері көрсетілуге тиіс);

4) қажет болған жағдайда жақын туыстықты растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді). Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

 Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздері:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 6-тарауындағы талаптарға сәйкес келмеуі.

Дата публикации
29 июля 2020
Дата обновления
29 июля 2020
Тип

Сейчас читают

11 июня 2025
ҚР азаматтығынан шығу
11 июня 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу
11 июня 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі
Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі
Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі
Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары