Меню

Страницы

Статья

Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу

«Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 

1.Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары):

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;

2) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі - зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде -www.egov.kz"электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 2.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қызмет көрсету мерзімі – 15 күн өткен соң;

2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде көрсетілетін қызметті беруші неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша бір ай өткенге дейін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тағайындайды не көрсетілетін қызметті алушылардың жазбаша өтініші негізінде бұл мерзімді бір айдан асырмай ұзартады;
3) ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қалауы бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеудің себептері және растайтын құжаттарын міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі.

 3.Мемлекеттік қызмет көрсету түрі: Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде.

 4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі: Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне және "Шет мемлекеттің аумағындағы консулдық іс-әрекеттер үшін консулдық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде көрсетіледі. Консулдық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Консулдық алым 35 АҚШ долларын құрайды.

6.Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Неке жасына жеткен адамдар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) 11-қосымшаға сәйкес некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш;

2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар (салыстыру үшін);

3) Қазақстан Республикасының азаматы мен шетелдіктің некесін тіркеу кезінде, жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, құжат мәтінінің қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылады;
4) некеге тұрушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) некеге құқықтық қабілеттілігі туралы уәкілетті органдар берген анықтамалар;
5) бұрынғы некенің тоқтатылғанын растайтын құжат (бар болса): некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе заңды күшіне енгені туралы белгісі бар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік не некені жарамсыз деп тану туралы сот шешімі, ерлі-зайыптылардың бірін қайтыс болды деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану (салыстыру үшін);

6) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту немесе ұзарту негіздерін растайтын құжат: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, басқа да ерекше жағдайларды растайтын қосымша құжаттар ұсынылады.
Егер некеге (ерлі-зайыптылыққа) жасы толмаған адамдар тұрса, қосымша:
1) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтінішті Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ата-аналар не қорғаншылар (қамқоршылар) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттілігін туындататын себептерді көрсете отырып және осы мемлекеттік қызмет стандартында көрсетілген қажетті құжаттармен қоса береді;

2) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету себептерін растайтын құжаттар (жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының неке қию/некені бұзу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттар);
3) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі);
4) кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының неке қию/ некені бұзу туралы куәлігі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттары) (салыстыру үшін).
Порталға (Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы некені алғашқы тіркеу кезінде):

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған некеге отыру (ерлі-зайыпты болуы) туралы электрондық өтініш;
2) консулдық алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді). Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

ҚР-дың Жапониядағы Елшілігінің реквизиттері:

Beneficiary's name: Embassy of the Republic of Kazakhstan

Beneficiary's account number: 3903002

Bank account: The Bank of Tokyo –Mitsubishi UFJ, LTD.,

Shibuya – Meijidori Branch

(Swift code: BOTKJPJT)

 Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 3-тарауындағы талаптарға сәйкес келмеуі.

Дата публикации
29 июля 2020
Дата обновления
29 июля 2020
Тип

Сейчас читают

11 июня 2025
ҚР азаматтығынан шығу
11 июня 2025
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету
11 июня 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі
Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі
Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі
Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары