«Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары):
1 көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) қазақстандық үлгідегі неке қию туралы куәлігі бар, ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын баланың тууын тіркеу кезінде – "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні. Порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету түрі: Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Туу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
5.Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі: Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне және "Шет мемлекеттің аумағындағы консулдық іс-әрекеттер үшін консулдық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асады. Консулдық алым 25 АҚШ долл. құрайды.
6.Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Баланың тууын тіркеу үшін екі ай ішінде, ал бала өлі туылған жағдайда – туған сәттен бастап бес тәуліктен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды беру қажет:
Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 6-қосымшасына сәйкес баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар (салыстыру үшін);
3) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
4) егер баланың ата-анасының бірі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, қазақстандық үлгідегі куәлік алуға нотариалды расталған келісім және Жапония Сырты істер министрлігінің «Апостиль» мөртаңбасы. Апостильге қатысты егжей-тегжейлі ақпарат Жапония СІМ сайтында көрсетілген https://www.mofa.go.jp/ca/cs/page22e_000416.html ;
5) егер ата-анасының біреуі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды расталған аудармасы;
6) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін);
7) баланың туу туралы медициналық куәлігі және Жапония СІМ «Апостиль» мөртаңбасы (Апостильге қатысты егжей-тегжейлі ақпарат Жапония СІМ сайтында көрсетілген https://www.mofa.go.jp/ca/cs/page22e_000416.html)/ баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі не туу туралы куәліктің түпнұсқасы (салыстыру үшін) не баланың туу туралы актілік жазбаның көшірмесі;
8) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда ата-аналардың еркін түрде жазылған жазбаша түсініктемесі қосымша ұсынылады.
Әке болуды анықтаумен байланысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес әкелікті анықтауға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу туралы өтініш;
2) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Порталға (қазақстандық үлгідегі неке қию туралы куәлігі бар, ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын баланың тууын тіркеу кезінде):
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсете отырып, баланың тууын шетелде мемлекеттік тіркеу туралы электрондық өтініш;
2) туу туралы медициналық куәліктің не шетелдік үлгідегі туу туралы куәліктің электрондық көшірмесі не туу туралы актілік жазбаның немесе баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;
3) консулдық алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).
Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.
ҚР-дың Жапониядағы Елшілігінің реквизиттері:
Beneficiary's name: Embassy of the Republic of Kazakhstan
Beneficiary's account number: 3903002
Bank account: The Bank of Tokyo –Mitsubishi UFJ, LTD.,
Shibuya – Meijidori Branch
(Swift code: BOTKJPJT)
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздері
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 2-тараудағы талаптарына сәйкес келмеуі.