Бангкокта жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Бангкокта жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Бангкок, 2024 жылғы 16 қазан – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов «Tri Star Development» Тай холдингінің Басқарма Төрағасы Мир Нусрат Алиханмен кездесті. Жасыл және жаңартылатын энергия көздері саласындағы өнеркәсіптік объектілерді салуға маманданған «Tri Star Development» компаниясымен келіссөздер Қазақстандағы инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне арналды.

Кездесу барысында Тай тарапына жасыл технологиялар саласындағы жобаларды мемлекеттік қолдау тетіктері, аукциондар жүйесіне қатысу тәртібі және Қазақстанда жаңартылатын энергия өндірісін одан әрі ұлғайту жөніндегі жоспарлар туралы толық ақпарат ұсынылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанда «Tri Star Development» инвестициялық жобаларын іске асыруға өзара қызығушылық танытты және осы бағыттағы практикалық ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.