
Бангкок, 2024 жылғы 9 қазан – Казахстан мен Тайланд арасындағы келісімдерді жүзеге асыру мақсатында, 2024 жылдың тамызында Тайланд делегациясының Астанаға жасаған визиті барысында тай компаниясы «Sea Value» мен «Kazakh Invest» арасында қол жеткізілген келісімдер шеңберінде Қазақстанның Елшісі Арман Исетов «Sea Value» компаниясының президенті Доктор Поджа Арамваттананонтпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы ынтымақтастық перспективасы мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, талқылауға Қазақстандық «Aspan Asia» компаниясының жетекшісі Талгат Сеитов қатысты, ол «Sea Value» компаниясының Қазақстандағы әлеуетті серіктесі ретінде қарастырылуда.
Қазақстан делегациясы консервіленген балық өнімдері мен үй жануарларына арналған тамақ өндіретін өңдеу зауытының өндірістік қуаттарымен танысты.
Кездесу қорытындысында тараптар одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіріп, бірлескен жобаларды практикалық жүзеге асыру жоспарларын бекітті.
Ақпарат ретінде: Sea Value – Тайландтағы консервіленген тунецтің екінші үлкен өндірушісі, оның өнімдері 150 елге экспортталады. Компанияда Францияда өңдеу кәсіпорны және Нидерландыда филиал бар.