Таиланд Үкіметінде Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің практикалық жолдары талқыланды

Таиланд Үкіметінде Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің практикалық жолдары талқыланды

Бангкок, 2024 жылғы 24 шілде – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов тай Үкіметінің кеңсесінде Премьер – Министрдің орынбасары және Суда министрі Пхумтам Вечаячай мырзамен кездесті. Кездесу ҚР Премьер-министрі – Сыртқы істер министрінің орынбасары М. Нұртілеудің Таиландқа ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуын талқылау мақсатында өтті

Кездесу барысында тараптар екі елдің сауда-экономикалық байланыстарының үдемелі дамуына қанағаттанушылықтарын білдірді. 2023 жылы екі ел қарым-қатынастары тарихындағы сауда және туризм саласындағы ынтымақтастықтың рекордтық көрсеткіштер көрсеткені атап өтілді. Мәселен, өткен жылы 2022 жылмен салыстырғанда өзара тауар айналымының көлемі 35% - ға өсті, ал Қазақстаннан келетін туристер саны 3 есеге жуық өсті. Осыған орай, тараптар 2024 жылғы 23 сәуірде қол қойылған екі ел арасындағы визасыз режим туралы келісімге, сондай-ақ тай Үкіметінің Қазақстан азаматтары үшін 60 күн мерзімге дейін қосымша визасыз режим ұсынуы екі елдің бизнесмендері арасында байланыс орнатуды жеңілдетуге әсерін тигізетінімен келісті.

Пхумтам Вечаячай мырза Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды экономикалық рөлін және оның Шығыс пен Батыс арасындағы саудадағы транзиттік әлеуетін атап өтті. Осыған орай, тай Үкіметінің Қазақстан мен Таиланд арасындағы экономикалық қатынастарды тереңдету ниеті туралы хабарланды.

Өз кезегінде Елші Исетов Қазақстанның елдің экономикалық дамуы жөніндегі өршіл жоспарлары және ол үшін жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып берді.

Тай Премьер – Министрдің орынбасары және сауда министрі Пхумтам Вечаячай мырзаның ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған Қазақстанға іс– сапарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Таиланд Корольдігінің Үкіметтері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы келісімге қол қоюға ерекше назар аударылды.  Сондай-ақ, осы кезеңде а.ж. сәуір айында Бангкок қаласында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі М. Нұртілеумен кездесулер шеңберінде айтылған инвестициялық жобаларды талқылауды іске асыру үшін Thai President Foods және Sea Value тамақ өнімдерін өндіру саласындағы ірі компаниялардың Қазақстанға келуі жоспарлануда.

Соңында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету үшін бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге келісті.