«Таиланд Корольдігіндегі алғашқы қазақстандық онлайн-кинофестивалі»

«Таиланд Корольдігіндегі алғашқы қазақстандық онлайн-кинофестивалі»

Құрметті достар және кино әуесқойлары!

 

Қазақстан Республикасының Бангкоктағы Елшілігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен алғаш рет, арнайы тайландтық көрермендер үшін және тек Таиланд аумағына арналған «Таиланд Корольдігіндегі алғашқы қазақстандық онлайн-кинофестивалін» ұсынады.

"Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы мен Н.Назарбаевтың "Ұлы Даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы
Н. Назарбаевтың 80 жылдығы және Қазақстан астанасының күніне орай қазақстандық режиссерлардың әр түрлі жанрдағы орыс және қазақ тілдеріндегі, ағылшын субтитрімен бірге 8 туындысын көрсетілуі жоспарланған.

Уздін жанрлардағы келесі туындылар 2020 жылдың 27 маусым - 6 шілдесі аралығында ұсынылады:

  1. «Шырақшы» - драма;
  2. «Анаға апарар жол» - драма;
  3. «Елбасы жолы. Астана» - драма;
  4. «Қазақ хандығы. Алмаз қылыш» - драма, тарих;
  5. «Қазақ хандығы. Алтын тақ»- драма, тарих;
  6. «Құнанбай» - драма;
  7. «Жау жүрек мың бала» - драма, тарих;
  8. «Секер» - комедия, отбасы, драма.

 

Көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!