Қазақтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары Бангкоктағы дипломатиялық корпус өкілдеріне көрсетілді

Қазақтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары Бангкоктағы дипломатиялық корпус өкілдеріне көрсетілді

Бангкок, 2024 жылғы 15 наурыз  –  «Наурыз» апталығын өткізу аясында Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі «Наурыз» мерекесі қарсаңында дипломатиялық корпус үшін қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған  мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс - шара Шығыстағы ең көне мерекелердің бірі-еліміздің тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған «Наурыз» мерекесінің пайда болуы туралы баяндайтын тұсаукесерден басталды.

Мереке қонақтары «тұсау кесу», «шашу» сияқты түрлі мерекелік әдет-ғұрыптармен және «Наурыз қоржын» сыйлық беру дәстүрімен танысты. Сонымен қатар, безендірілген киіз үйде қонақтар ұлттық киімдер киіп, домбыра ұлттық аспабында ойнады және қазақ ұлттық тағамдарының дәмін татты.