Қазақстан делегациясы БҰҰ АзТМЭӘК-тың орнықты дамуы жөніндегі 11-ші Азия-Тынық мұхиты форумында сөз сөйледі

Қазақстан делегациясы БҰҰ АзТМЭӘК-тың орнықты дамуы жөніндегі 11-ші Азия-Тынық мұхиты форумында сөз сөйледі

Бангкок, 2023 жылғы 20 ақпан Қазақстанның Таиландтағы Елшісі БҰҰ БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АзТМЭӘК) жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Арман Исетовтың басшылығымен делегация БҰҰ АзТМЭӘК-тың орнықты дамуы жөніндегі 11-ші Азия-Тынық мұхиты форумына қатысады.

Іс-шараның негізгі мақсаты кедейлікті, аштықты жою, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, бейбітшілікті, сот төрелігін және орнықты даму мүддесі үшін әріптестікті қамтамасыз ету мәселелерін қарау болды.

Елші А. Исетов қазіргі заманғы халықаралық проблематика мәселелеріне қысқаша тоқтала отырып, Қазақстанның ішкі экономикалық және әлеуметтік саясатты реформалау жолымен орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қосатынын атап өтті. Үкіметтің күш-жігері халықтың табысын ұлғайтуға, өмір сүруге қолайлы орта құруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адамдардың жан-жақты дамуы үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған. Қазақстан сондай-ақ өзара сенім, түсіністік пен құрметке негізделген халықаралық қоғамдастықтың барлық мүшелерімен бейбіт қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа ұмтылады.

«Қазақстан делегациясы бұл іс-шараны тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі тағы бір маңызды қадам ретінде қарастырады. Біз бірлескен күш-жігермен Азия-Тынық мұхиты аймағында әл-ауқатты қамтамасыз ете алатынымызға сенімдіміз. БҰҰ АзТМЭӘК платформасы ең ірі және беделді форумдардың бірі болып қала береді, соның арқасында біз жаһандық проблемаларды шешу үшін тәжірибе, білім және құзыреттермен алмасуға мүмкіндік аламыз», – деді Қазақстан Елшісі А. Исетов.