
Бангкок, 2023 жылғы 28 қыркүйек – Қазақстан Елшісі Арман Исетов Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің халықаралық ұйымдар департаментінің директоры Эксири Пинтаручимен кездесті.
Тараптар екі елдің көпжақты ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылы тақырыбын талқылады. Кездесу аясында Қазақстан мен Таиландтың халықаралық мәселелердің кең ауқымына ортақ көзқарастары бар екендігі атап өтілді. Тараптар даулы мәселелерді бейбіт жолмен реттеу идеясын ұстанады және өзара сенімге, түсіністік пен құрметке негізделген бірлескен қызмет қағидаттарын ұстанады.
Қазақстан мен Таиланд азық-түлік қауіпсіздігі, климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелерін ілгерілету, сондай-ақ орнықты даму мақсатында өңірлік және жаһандық әріптестік қатынастарды қалыптастыру жөніндегі бірлескен күш-жігерді жалғастырады.
Кездесу аясында екі ел делегацияларының өздері ұйымдастырған көпжақты іс-шараларға қатысу мәселелері қозғалды.