
8 мамырда ҚР Таиландтағы Елшілігінің бастамасымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына орай, Ресей Елшілігі, Өзбекстан Бас консулдығы және Армения, Беларусь және Қазақстан Құрметті консулдықтары бірлесе отыра, сондай-ақ Паттайя қ. Әкімнің орынбасары Р.Екасингх қатысуымен, әлемдегі танымалы саябақтың бірі болып табылатын тропикалық саябақта Нонг Нуч, ағаш отырғызу рәсімін өткізді.
Бұл салтанаттың мақсаты-барлық ардагерлерге құрмет көрсету және бұл қанды соғыста өз өмірін қиған адамдарды еске алу.
Таиланд халқы және билікпен ниеттестік білдіре отыра, Covid-19 байланысты, әлеуметтік қашықтықтың нормалары мен шараларына сәйкес қоғамды қатыстырмай іс-шара өткізу туралы шешім қабылданды.