
Бангкок 25 наурыз – ҚР Таиландтағы Елшілігі Наурыз мейрамын тойлауға арналған футбол турнирін ұйымдастырды.
ҚР Елшісі А. Исетов өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Елшілігімен бірге Наурыз мейрамының ұлттық мерекесін тойлауға қатысқандары үшін барлығына алғысын білдірді. Сонымен қатар, ол турнирдің мақсаты Наурыз мерекесінің рухына, атап айтқанда достық пен өзара түсіністікті нығайтуға сәйкес келетінін атап өтті.
Аталған турнирге 8 команда қатысты, оның ішінде Таиланд Сыртқы істер министрлігі, Туризм министрлігі, Бангкок қаласының әкімшілігі, Таиланд корольдік полициясы, Ұлыбритания және Австралия Елшіліктері, «Fresh Air» және Таиландта аккредиттелген Дипломатиялық өкілдіктер құрама командасы.