
11 наурызда ҚР Елшісі Раушан Есбулатова әлемнің бірнеше аймағында ауылшаруашылық жобаларын жүзеге асырушы таиландтық «Thai-African Corporation Ltd» компаниясының басшылығымен кездесті.
Р.Есбулатова еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің инвестициялық тартымдылығы туралы ақпаратпен бөлісіп, әсіресе кездесу қатысушылардың назарын аймақтардағы бизнес мүмкіндіктеріне ерекше аударды.
2019 ж. соңында ҚР-дың Бангкоктағы Елшілігінің қолдауымен Алматы және Түркістан облыстарына іскерлік миссиямен сапар шеккен тай компаниясының өкілдері ҚР өңірлеріндегі инвестициялық әлеуетті оң бағалап, аграрлық сектордағы қазақстандық мүмкін серіктестермен байланысты одан әрі дамытуға дайындығын білдірді.
Бұл ретте, Қазақстанға ұйымдастырылған сапардың нәтижелері белгіленіп, оның барысында «Thai-African Corporation Ltd» компаниясының өкілі және әріптесі болып табылатын дубайлық «Mirak Group» Алматы облысында саңырауқұлақтарды өсіру және сақтау үшін саңырауқұлақ компостын шығаратын фабриканы салу туралы келісімге қол жеткізілгені.
Өткізілген кездесудің қорытындылары бойынша, Елшілік, таиландтық серіктестерге ҚР-дың бірнеше аймақтарындағы агроөнеркәсіптік инвестициялық, соның ішінде Алматы облысындағы жылыжай кешенінің құрылысы, топинамбур және басқа да жем дақылдарын өсіру мен өңдеу, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында дәрілік дақылдарды өсіру, жинау және қайта өңдеу жобалары ұсынылды.
Таиландтық «Thai-African Corporation Ltd» шетелдік серіктестікпен ауылшаруашылық өнімдерін өсіріп, олардың халықаралық экспортын жүзеге асырады. Өндіріс аясында, компания аймақтық климаттық жағдайлар үшін арнайы әзірленген инновациялық және озық әдістерді қолдануда.