Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Бангкокта таныстырылды

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Бангкокта таныстырылды

Кездесу барысында Р.Есбулатова инвестициялық мәселелерге тоқтала келе, Елшілік қазақстандық серіктестермен қарым-қатынасты орнатуда қол ұшын беруге дайын екендігін жеткезе отырып, инвестициялық жобаларды іске асыруда шетелдік қатысушылар үшін ҚР Үкіметі тарапынан қабылданған шаралар мен жасалып отырған жағдайлар айтып өтті.

Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп саласындағы арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар аясындағы мүмкіндіктер таныстырылды.

Сонымен қатар, Ғаламдық қатынастар бөлімінің директоры және менеджері П.Пхорнпхибун мен Р.Киттачароенчай, сондай-ақ Халықаралық бизнесті дамыту жөніндегі аға менеджер С.Анучатибуд секілді таиландтық брендтің жетекшілері, Қазақстан нарығын жан-жақты зерттей отырып, қазақстандық әлеуетті серіктестермен кездесу үшін Қазақстанға бизнес миссиямен келуге шақырылды. Тараптар бұл болашақта жасалуы мүмкін коммерциялық өзара іс-қимылдың алғашқы қадамы екеніне  сенім білдірді. 

Таиландтық «Boon Rawd Brewery Co. Ltd» - алкогольді және алкогольсіз сусындар, минералды және ас суы, сонымен қатар Тайландтағы ең танымал және әлемге кеңінен белгілі Сингха сырасының өндірушісі болып табылады.