
Бангкок 3 қараша - ҚР Таиландтағы Елшілігі Қазақстан мен Таиланд арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай мерейтойлық пошта маркаларын шығаруға бастамашы болды.
Пошта маркасында дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығының логотипі, фондық суреті ұлттық көрнекті орын - Бәйтерек бейнеленген.
Пошта маркалары елшіліктің күнделікті хат-хабарларында, сондай-ақ кәдесый өнімдері ретінде қолданылады.
Таиланд Корольдігі алғашқы ұлттық пошта маркаларын 1883 жылы айналымға шығарды және 1885 жылы Дүниежүзілік пошта ұйымына (ДПО) қосылды.
Алғашқы мерейтойлық даналар Республика күніне орай қабылдаудың құрметті қонақтары, оның ішінде Таиландтың мемлекеттік құрылымдарының басшылары мен Корольдікте аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшыларына берілді.