Таиландта ұлттық мереке - Республика күні атап өтілді

Таиландта ұлттық мереке - Республика күні атап өтілді

Бангкок 2 қараша - Республика күніне орай және Қазақстан Республикасы мен Таиланд Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған салтанатты қабылдау өтті. Іс-шараға дипломатиялық корпуспен, ресми, іскерлік және академиялық топтардың өкілдерімен, қазақстандық диаспорамен қатар келген елдің көрнекті мемлекет қайраткерлері қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде ҚР Таиландтағы Елшісі Арман Исетов Қазақстан мен Таиландтың дәстүрлі-мәдени элементтеріндегі ұқсас параллельдерді атап өтті. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат екі елдің негізгі оқиғалары, алдағы және өткізілген халықаралық маңызды іс-шаралары туралы айтып берді. Қонақтарды Қазақстанның жаңа саяси бағытымен және екі ел арасындағы туризм саласындағы оң дамып келе жатқан жағдаймен таныстырды.

Кештің мәдени бөлігі аясында жергілікті би мектебінің жас әртістері және Таиландта тұратын Қазақстанның азаматтары концерттік бағдарламамен өнер көрсетті. Іс-шара қонақтарының назарына қазақ авторларының халық шығармашылығының би нөмірлері мен музыкалық шығармалары ұсынылды.

Сондай-ақ, қонақтарға ұлттық тағамдардан, сонымен қатар қазақстандық бренд өнімдерінен дәм тататын ұлттық үстел дайындады.