
Бангкок, 2022 жылғы 6 қазан – Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Исетов Арман Асқарұлы Таиланд Королі Маха Ваджиралонгкорн Пхра Вачираклаочаоюуаға сенім грамоталарын табыс етті. Салтанатты рәсімге Ұлы мәртебелі Патшайымы Сутида Баджрасудхабималала да қатысты.
Іс-шара Бангкоктағы Корольдік Резиденция - "Dusit Palace" сарайында өтті.
Елші Исетов өз сөзінде Таиланд Короліне Қазақстанның Таиландтағы ресми өкілі ретінде танылғаны үшін алғыс айтты. Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі ретінде Таиландпен достық қарым-қатынастарына үлкен мән беретініне назар аударылды.
Өз кезегінде, Ұлы Мәртебелі Маха Ваджиралонгкорн Пхра Вачираклаочаоюуа, Таиланд Королі сенім грамоталарын қабылдап, Елші Исетовке екі ел халықтарының игілігі үшін жұмысында сәттілік тіледі.
Биыл Қазақстан мен Таиланд екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толатынын атап өткен жөн.
Исетов Арман Асқарұлы – кадрлық дипломат. ҚР дипломатиялық қызмет органдарында жұмысын 1998 жылда референт лауазымнан бастады. Оның жұмысы барысында мансаптық сатының барлығын өтті, оның ішінде ҚР СІМ департаментінің директоры және Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.