Тай бизнесмендері Қазақстанның сауда-инвестициялық мүмкіндіктерін зерттеді

Тай бизнесмендері Қазақстанның сауда-инвестициялық мүмкіндіктерін зерттеді

Бангкок, 2022 жылғы 2 тамыз – Тай бизнесінің 50-ден астам өкілі Қазақстанның сауда және инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған вебинарға қатысты. Іс-шараны Қазақстанның Таиландтағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан-Тай Алианс (KazThai Alliance) ұйымдастырды.

Іс-шараның спикерлері Қазақстан мен Таиландтың мемлекеттік, коммерциялық және ғылыми ұйымдарының өкілдері болды.

ҚР Таиландтағы Елшісі  Арман Асқарұлы Исетов сөйлеген сөзінде Қазақстанның негізгі жетістіктері мен екі елдің сауда қатынастарындағы қазіргі жағдайын атап өтті . ҚР Таиландтағы Елшілігі мен Kazakh Invest өкілдері күн тәртібінің жеке тармағына сәйкес вебинар қатысушыларын  Қазақстанның қазіргі саяси-экономикалық жағдайымен және шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырды.

Қатысушылар Қазақстан мен Таиландтың теміржолдарын бірыңғай желіге алғаш рет қосқан Лаос-ҚХР теміржол қатынасының 2021 жылғы желтоқсанда іске қосылуына байланысты Оңтүстік – Шығыс Азиядан Орталық Азияға жүк тасымалдау процесіне ерекше қызығушылық танытты.

Таиландтың Triple I Logisitcs PCL  логистикалық компаниясының өкілі Тана Вонгваданарой Таиландтан Қазақстанға жүктерді 3 аптаға дейін жеткізу  жүзеге асырылуы мүмкін екендігін хабарлады.

Қорытындылай келе, спикерлер мен тыңдаушылар ұйымға сауда-экономикалық қызметтің егжей-тегжейлі аспектілерін жариялауға бағытталған қосымша вебинар ұйымдастыруға қызығушылық танытты.