
Бангкок, 6 шілде – Қазақстан Республикасы мен Таиланд Корольдігі дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде.
Осы айтулы оқиғаның кұрметіне орай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Таиланд Корольдігі Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Дон Промудвинай құттықтау хаттарымен алмасты.
30 жыл бойы екі мемлекет қауіпсіздік, сауда, туризм, мәдениет және білім саласында өзара мүдделерді дамытуда.
Сонымен қатар, елдер бүгінде бауырлас қалалар болып табылатын Нұр-Сұлтан - Бангкок пен Шымкент – Паттайя арасында достық байланыс орнатты.
Ынтымақтастық жылдарында мемлекеттік мекемелер, парламенттер және инвестициялық, ғылыми-білім беру және мәдени орталықтар желісі бойынша көптеген бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Қазақстан мен Таиландтың БҰҰ, АӨСШК, АЫД және басқа да көптеген халықаралық құрылымдар аясындағы тығыз өзара іс-қимылы маңызды болып табылады.
Бұдан басқа, Корольдіктің діни өкілдері әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жұмысына қатысып, діндер мен конфессиялар арасындағы өзара құрмет пен төзімділікке қол жеткізу мәселесіндегі Қазақстанның бастамаларын қолдайды.
Қазақстан мен Таиланд өз құрлығының табиғи транзиттік тораптары ретінде ұқсас геосаяси сипаттарға ие бола отырып, ынтымақтастықтың сөзсіз прогресін қолдайды және қарым-қатынастардың одан әрі жемісті дамуына ықпал етуді жалғастыратын болады.