Таиландта Қазақстан онлайн кинофестивалі өтіп жатыр

Таиландта Қазақстан онлайн кинофестивалі өтіп жатыр

Бангкок, 2022 жылғы 6 шілде – ҚР Таиландтағы Елшілігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Қазақстан киносының кезекті онлайн кинофестивалін өткізуде.

Осы жылы онлайн фестивальге Канн, Венеция, Париж, Пусан, Торонто және басқа да көптеген халықаралық кинофестивальдерге қатысқан және марапаттарға ие болған «Томирис» тарихы, драма; «Мерген» қысқаша триллері; «Күнбағыс» драмасы; «Уақыт жолдары» драмасы; «Аманат» драмасы, сияқты 5 фильм кіреді.

Қазақстандық көрсетілім YouTube платформасында тегін өткізіліп, 2022 жылғы 6-15 шілде аралығында жалғасады.

Толығырақ ақпаратты және фильмдерге сілтемелерді Қазақстанның Таиландтағы Елшілігінің сайтынан табуға болады.