Қазақстан Елшісі БҰҰ АзТМЭӘК сессиясы Төрағасының орынбасары болып сайланды

Қазақстан Елшісі БҰҰ АзТМЭӘК сессиясы Төрағасының орынбасары болып сайланды

Қазақстан Республикасының БҰҰ АзТМЭӘК жанындағы Тұрақты Өкілі және Таиландтағы Елшісі Арман Исетов ү.ж. 23 мамырда БҰҰ АзТМЭӘК 78-сессиясы Төрағасының орынбасары болып сайланды.

Жүктелген міндет шеңберінде ол сессиядағы жалпы пікірталастар мен «Азиядағы және Тынық мұхитындағы климаттық өзгерістермен күрес іс-қимылдарын жүзеге асыру» жоғары деңгейдегі дөңгелек үстелдің жұмысына төрағалық жасады.

«Азия мен Тынық мұхитында тұрақты дамуды ілгерілетудің ортақ күн тәртібі» тақырыбына негізделген БҰҰ АзТМЭӘК жылдық сессиясы мүше мемлекеттердің және серіктес елдердің көпжақтылық пен өңірлік ынтымақтастықтың жаңа пішіміне негізделген өңірлік ынтымақтастықтың келешегін талқылауы мен қалыптастыруы үшін басты тұғыр қызметін атқарады.