Таиланд Премьер-Министрінің Қазақстан Елшісімен кездесуі

Таиланд Премьер-Министрінің Қазақстан Елшісімен кездесуі

Таиланд Корольдігінің Премьер-Министрі П.Чан-о-ча ү.ж. 31 наурызда Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Р.Есбулатовамен оның дипломатиялық қызметінің аяқталуына орай кездесу өткізді.

         Достық ниетте өткен сұхбат кезінде соңғы жылдары екіжақты тауар айналымы көлемдерінің өскені оң бағаланды. Онымен қатар екі ел арасында орнатылған дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығына орай бұрыннан көзделген іс-шараларды жүзеге асыру мәселесі, оның ішінде іс-сапарлар алмасу мен бірқатар құжаттарға қол қоюды, Азиядағы өзара ықпалдатық пен сенім шаралары жөніндегі кеңестің көпжақты күн тәртібі талқыланды. Таиланд үкіметінің басшысы екі мемлекет арасындағы қатынастарды нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін Қазақстан Елшісіне алғыс білдірді.