
Бангкок, 2021 жылғы 15 желтоқсан – бейнеконференция режимінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған инвестициялық семинар өтті. Іс-шараны Таиландтағы Қазақстанның Елшілігі сондай-ақ Таиландтың Инвестициялар жөніндегі кеңесі және "Kazakh Invest "Ұлттық компаниясы"АҚ қолдауымен ұйымдастырды. Семинарға 40-тан астам тай кәсіпкерлері, бизнес қауымдастығының өкілдері мен дипломатиялық корпус мүшелері қатысты.
ҚР Таиландтағы Елшісі Раушан Есбулатова ханым өз сөзінде Қазақстанның 30 жыл ішінде қол жеткізген экономикалық табыстары мен ҚР дипломатиялық қызмет органдарының инвестицияларды тарту саласындағы басым міндеттері туралы айтып берді.
Өз кезегінде Таиландтың инвестициялар жөніндегі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Сонклин Плойми ханым Қазақстанды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, Қазақстан халқына гүлдену мен табыс тіледі. Сондай-ақ тай бизнесінің шет елдердегі қатысуын ілгерілету жөніндегі Таиланд Корольдігінің саясаты туралы хабардар етіп, екі ел компаниялары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық әлеуеті туралы оң пікір білдірді.
Kazakh Invest қызметкерлері Қазақстанның инвестициялық жобаларды қолдау бойынша инвестициялық мүмкіндіктері мен нақты үкіметтік шаралары оның ішінде агро-өнеркәсіптік кешені туралы егжей-тегжейлі ақпараттандырды.
Семинардың соңында Тай бизнесінің өкілдері қатысушылармен Қазақстанда бизнесті ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісіп, одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары туралы пікір алмасты.