
Бангкок, 4 желтоқсан - Елшілік Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Таиландтың үкіметтік және коммерциялық ұйымдарының өкілдері мен Бангкоктағы дипломатиялық корпус мүшелері арасында футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырды. Салтанатты іс-шараның форматын таңдау кезінде елшілік мерекені спорттың және салауатты өмір салтының маңыздылығы идеясын ілгерілетумен үйлестіруге тырысты.
Матч Елшіліктің досы және Таиланд ұлттық футбол командасының менеджері Нуалфан Ламсам ханымның, сондай-ақ Қазақстанның Таиландтағы Құрметті консулы Аттханоп Пангамнет мырзаның белсенді қолдауымен Port Football Club ресми стадионында өтті.
Таиланд командасы Сыртқы істер, Мәдениет министрліктерінің, Кеден департаментінің, Корольдік полицияның, Бангкок мэриясының, сондай-ақ ірі компаниялар мен бизнес қауымдастықтардың өкілдерінен тұрды. Іс-шараға дипломатиялық корпустың 9 елшісі, Моңғолия, Перу, Польша, Сауд Арабиясы, Норвегия, Венгрия, Кения, Коломбия, Панама, Өзбекстанның Бас Консулы және Ресей, Финляндия, Украина және Қазақстан дипломаттары қатысты.
Матч барысында дипломаттар құрамасының жартылай қорғаушысы Кьерсти Родсмое ханымға Норвегияның Таиландтағы Елшісі, командадағы жалғыз әйелге ерекше назар аударылды. Елші Родсмое қазіргі әлемдегі мықты әйелдің жарқын үлгісі болды.
Футбол матчы командалардың бір-біріне деген адал ойыны мен құрметі рухында өтті.
Матч соңында қатысушылар Қазақстанды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, Қазақстан халқына гүлдену мен бақ-береке тіледі.