
БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АзТМЭӘК) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігі ү.ж. 20 қазанда Бангкокта өз жұмысын бастаған АзТМЭӘК Макроэкономикалық саясат, кедейлікті азайту және даму үшін қаржыландыру комитетінің 3-ші сессиясына қатысуда.
БҰҰ АзТМЭӘК жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі және Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Раушан Есбулатова Макроэкономикалық саясат, кедейлікті азайту және даму үшін қаржыландыру комитеті сессиясының вице-төрағасы болып сайланды.
Сессияда көп қырлы тәуекел-сынақтармен күресe үшін қажетті бірқатар экономикалық саясаттардың және инновациялық қаржыландыру стратегияларының мәселелері талқыланады. Қаржы қорларына қолжетімділігін арттыру мен қолда бар мемлекеттік және жеке инвестициялардың Орнықты даму мақсаттарына сәйкестігін жақсарту саясаткерлерге өз экономикаларын инклюзивті, тұрақты және орнықты даму жолы бағытында өзгертуге көмектесуде маңызды болып табылады.