
7 маусымда Елші Р.Есбулатова Таиландтың тұрмыстық қалдықтарды экологиялық таза және тиімді жою саласында көшбасшы компанияларының бірі болып табылатын Eastern Energy Plus Co. Ltd. басшысы А.Мажимен кездесті.
Онлайн режимінде өткен әңгіме барысында Eastern Energy Plus компаниясының өкілдеріне презентациялық материалдар арқылы Қазақстандағы шетелдік инвестицияларға арналған преференциялар, сондай-ақ қолданыстағы ережелер, бағдарламалар мен стратегиялар туралы ақпарат ұсынылды.
Р.Есбулатова кездесу қатысушыларын ҚР-да «жасыл энергетика» саласында жүзеге асырылып жатқан ЭКСПО-дан кейінгі жобалар, сондай-ақ Астана халықаралық қаржы орталығы туралы хабардар етті.
Жалпылай, қазақстандық дипломаттар тай компанияны қалдықтарды жаңартылатын энергия көздеріне айналдыру бойынша еліміздің аймақтарындағы инвестициялық жобаларға қатысуға, сондай-ақ жақында Қазақстанда алғаш рет басталған 2021 жылы қалдықтарды энергетикаға айналдыру негізінде жұмыс істейтін объектілерді салу жөніндегі жобаларды іріктеу аукциондық сауда-саттыққа қатысу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.