27 наурызда ҚР Елшісі Р.Есбулатова Жоғары Мәртебелі Маха Чакри Сириндхорн Ханшайымының қамқорлығымен 54-ші Қызыл Крест дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесінде қатысты.
Сонымен қатар, Таиландта аккредиттелген 50-ден астам дипломатиялық миссиялары, оның ішінде Қазақстан Елшілігін қоса, өз елдерінің гастрономиялық, кәдесыйлы бұйымдар, зергерлік және өнімдерін жергілікті тұрғындар мен туристердің назарға ұсынды.
Жәрмеңке қонақтарына тауарлардан басқа, Қазақстан туралы, атап айтқанда, ҚР мәдени астанасы - Түркістан қаласы туралы ақпарат ұсынылды.
Қазақстандық бутиктің демеушілері - De Grany мен Maxaliya Co. Ltd компаниялары болған.
Сонымен қатар, қазақстандық дүкенде жастарды халықтың әлеуметтік осал топтарынан қорғаумен айналысатын, олардың білім алуына қолдау көрсететін «Азаматтарға көмек көрсету» қорының өнімдері ұсынылды (https://www.facebook.com/hhnft/).
Түскен қаражат Таиландтағы Қызыл Крест қоғамының қайырымдылық жобаларын іске асыруға жұмсалады.
Іс-шара шеңберінде қонақтар қазақтың ұлттық билерін ұсынған "Катюша" би мектебінің өнерін тамашалай алды.