30 желтоқсанда Таиланд Корольдігінің Ұлттық кітапханасында Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының «Қара сөздер» және «Өлеңдер жинағы» ағылшын тіліндегі басылымдарының тұсаукесері өтті.
Оған ҚР Елшісі Р.Есбулатова, Таиландтағы Мәдениет министрлігі Бейнелеу өнері департаментінің Бас директоры П. Пхентаго және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Бангкокта тіркелген бірқатар дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.
Тұсаукесерді аша отырып, ҚР Елшісі Абайдың қазақ ұлтының ағартушылығына тынымсыз көңіл бөліп, білімнің халық пен үкімет арасындағы дәнекер қызметін атқаратынын атап өтті.
Іс-шараға қатысушылар үшін Абайдың бірқатар шығармалары қазақ, тай, ағылшын және орыс тілдерінде оқылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша «Қара сөздер» және «Өлеңдер жинағы» кітаптарының бірнеше данасы Таиланд Корольдігінің Ұлттық кітапханасына сыйға тапсырылды.