
Тель-Авив, 2025 жылғы 21 ақпан – Израиль Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Нетания қаласындағы (Израильдің орталық аумағын консулдық округ ретінде белгілей отырып) жаңа Құрметті консулы Симон бен Мошеге Консулдық экзекватураны тапсыру рәсімі өтті.
Израиль Мемлекеттік протокол басшысы – Елші Гил Хаскель экзекватураларын тапсыра отырып, Израиль Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасқа дамытуға айрықша мән беретініне және Астананы Орталық Азия өңіріндегі негізгі серіктес ретінде қарастыратынына назар аударды. Бұл ретте ол екіжақты қатынастарды нығайту мен дамыту ісінде құрметті консулдық қызметінің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Қазақстан Елшісі Дәулет Ембердиев жиналғандарға ҚР жаңа Құрметті консулы – жас кәсіпкер, «Bavarian Motors» компаниясының иесі Симон Бен Мошені таныстыра отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген Қазақстан Республикасы саясатының стратегиялық бағыттарының бірі жастарды қолдау болып табылатынын атап өтті. Құрметті консулдықтың қызметі туризмді, мәдениетті, ғылымды, білім беруді, экономика мен сауда салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Сонымен қатар, Елші консулдық жұмысының сөзсіз басымдығы шетелдегі қазақстандық азаматтардың құқықтарын қорғау және оларға көмек көрсету болып табылатынын атап өтті.
Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде С. Бен Моше Қазақстанның тумасы болғанына және біздің елімізді Израильде ресми түрде таныстыру мүмкіндігіне ие болғанына терең мақтаныш сезімін білдірді. Сөйлеген сөзінде ол өз отбасының тағдыры, қилы заманда ата-бабаларының қазақ даласына қалай қоныс аударғаны және қазақ халқының олармен баспана мен нанмен қалай бөліскені туралы айтты.