
Тель-Авив, 2025 жылдың 27 қаңтары – Холокост құрбандарын еске алу күніне 80 жыл толуына орай, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинградты фашистік блокададан азат етудің 81 жылдығына Қазақстанның Израильдегі Елшісі Даулет Ембердиев пен Елшіліктің Әскери атташесі Вячеслав Волков Иерусалимдегі естелік іс-шараларға қатысты.
Израильдің Сыртқы істер министрлігінде дипломатиялық корпустың қатысуымен естелік рәсім өтті. Іс-шара аясында режиссер Ясмин Кейннің «Қайда бара жатырсың?» атты деректі кино көрсетілді. Фильм Аушвиц- Биркенау жою лагерінің екі тұтқыны – Халин Биренбаум мен оның ұлы Яков Гилад туралы баяндайды. Х.Биренбаум және Я.Гилад СІМ-дегі іс-шараға қатысып, сол күндер туралы қорқынышты естеліктерімен бөлісті.
«Еске алу шырағы» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімінде қатысушылар Холокостта және Ленинград қоршауында қаза тапқандарды, сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыстың барлық құрбандарын үнсіздік минутымен еске алды.
Іс-шараға Ресей, Өзбекстан және Беларусьтің дипломатиялық миссияларының басшылары, Израиль СІМ өкілдері, Иерусалим муниципалитеті, сондай-ақ қоғамдық және ардагерлер ұйымдары қатысты.
Жыл сайын 27 қаңтарда Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2005 жылдың 1 қарашасында қарар қабылдады. 80 жыл бұрын, 1945 жылы 27 қаңтарда Қызыл Армия әскерлері нацистік азаптаудың ең қорқынышты символы-Освенцим концлагерін босатты.
«Еске алу шырағы» мемориалы - Иерусалимнің орталығындағы Кнессет пен Жоғарғы сот жанындағы Ган Сакер қалалық саябағында тұрғызылған ескерткіш. Мемориал Санкт-Петербург Үкіметінің бастамасы бойынша Холокост кезінде қайтыс болған еврейлерді және Ленинградты қоршау кезінде қайтыс болған барлық адамдарды еске алу үшін салынған.