Қазақстан Елшісі Израиль Ауыл шаруашылығы министрімен кездесті

Қазақстан Елшісі Израиль Ауыл шаруашылығы министрімен кездесті

Тель-Авив, 2024 жылғы 26 қараша – Қазақстан Елшісі Израильдің Ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі министрі Ави Дихтермен және «Волкани» ауылшаруашылық зерттеу Орталығының Академиялық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары Хинанит Колтаймен кездесті.

Кездесу барысында Д.Ембердиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстанның ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің алғашқы форумы туралы хабардар етті. Әсіресе бұл форумда Мемлекет басшысы өз сөзінде алда атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарына назар аударғанын хабарлап, Қ.Тоқаев алдағы уақытта агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруды жүйелі жүргізу, саланы индустрияландыруды белсенді түрде жалғастыру, ауыл шаруашылығы ғылымын өркендету, селекция мен тұқым шаруашылығын жандандыру, озық технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімділігін арттыру және агроөнеркәсіп саласының экспорттық әлеуетін күшейту мәселелерін қозғағанын айтып берді.

А.Дихтер Қазақстандағы ауыл шаруашылығының дамуының ауқымы мен қарқынына жоғары баға беріп екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін кез келген қазақстандық бастамаларды қарастыруға дайындығын білдірді.

Сонымен қатар, Д.Ембердиев «Волкани» ауылшаруашылық зерттеулер Орталығын аралап, онда инновациялық шешімдермен, өсімдік және мал шаруашылығы саласындағы жетістіктермен танысты.