
Тель-Авив, 2024 жылғы 31 қазан – Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Еуро-Азия Еврей Конгресінің (ЕАЕК) Президенті Михаил Мирилашвилимен кездесуі аясында оған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеялары мен бастамаларын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалардың нәтижелері де сөз болды.
Өз кезегінде М.Мирилашвили Қазақстанда қолға алынған қоғамдық-саяси өзгерістерді жоғары бағалап, алдағы уақытта ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.
М.Мирилашвили Қазақстан халқын Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап, елімізге амандық, бейбітшілік пен келісім, сондай-ақ одан әрі өркендеу мен гүлдену тіледі.