Израильде Абайдың «Қара сөздері» иврит тілінде жарық көрді

Израильде Абайдың «Қара сөздері» иврит тілінде жарық көрді

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Израильдің «Бейт Нелли» баспа үйі алғаш рет оның «Қара сөздерін» иврит тілінде шығарды. Кітапты Иврит тіліне Полина Брукман аударған, ол көптеген әдеби шығармаларды аударуға мамандандырылған.

П.Брукман алғаш рет Абайдың аудармасымен бетпе-бет келіп, оның бай тілін ерекше атап өтті. Аудармашы қара сөз арқылы қазақ халқының бай мәдениетімен танысуға мүмкіндік алғанын және ұлы қазақ ойшылының басқа да еңбектерін аударуға дайын екенін айтты.

Елші Сатыбалды Бұршақов Израиль оқырмандарын қазақ әдебиетінің
бай мұрасы - Абай шығармаларымен таныстыруға білімін салып, зор үлес
қосқан барлық қатысушыларға алғыс білдірді.

Осыдан бұрын белгілі израильдік «Хаарец» газеті өз беттерінде Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың жарияланымын пайдалана отырып, Абай феномені туралы арнайы материал жариялады. Қазақстан Елшілігі жақында Еврей университетінің басшылығын Абайдың шығармашылығымен таныстырды, ол осы жылдың күзінде оқу процесі қалпына келтірілгеннен кейін осы университет жанындағы Трумэн институтында «Қара сөздерінің» тұсаукесері туралы бастаманы қолдады.

Абайдың қара сөздері - 45 қысқаша тәмсіл мен философиялық трактаттан тұратын қазақ ақыны һәм ағартушысының іргелі еңбегі. Бұл поэмада ұлттық тәрбие мен дүниетаным, мораль және құқық, қазақтың тарихы сыңды мәселелер көтерілген.

Абай өзінің «Қара сөздерін» жасы ұлғайған шағында, биліктің азғыруы мен жер мәселесінің ауыртпалықтарын біліп, ел арасында танылып, жақынынан айырылған жылдардың тұсында жазып шыққан. Олар әр жаңа қолжазба кітаптарға қосылып таратылып отырған. Кейбір «Сөздер» алғаш рет ақын қайтыс болғаннан кейін (1904 жыл) 1918 жылы «Абай» журналының беттерінде жарияланған.

Ақынның шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.