Израиль кәсіпкерлері гуманитарлық көмек көрсетті

Израиль кәсіпкерлері гуманитарлық көмек көрсетті

    Елшілік «TAR Ideal Concepts Ltd» компаниясының менеджерлері Хадар Спиро мен Дани Гнатюкке, «Comet» Медициналық орталығының басшысы Адель Сигалға, «Orlan Bitahon» компаниясының директоры Шопен Срулевич пен азамат Нано Калатиге коронавирустың таралуын болдырмауға бағытталған күш-жігерді біріктіру аясында медициналық препараттар мен қорғаныс маскалары түрінде гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

   Көрсетілген көмек Қазақстан мен Израиль арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастың, сондай-ақ пандемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың айқын айғағы болып табылады.

   Гуманитарлық жүктің жиынтығы Қазақстанға жеткізілді.