Израиль Сауда-өнеркәсіп палатасында Қазақстанның іскер топтарымен ынтымақтастықты нығайту шаралары талқыланды

Израиль Сауда-өнеркәсіп палатасында Қазақстанның іскер топтарымен ынтымақтастықты нығайту шаралары талқыланды

Тель-Авив, 2024 ж. 8 тамыз. Экономикалық дипломатияны ілгерілету аясында Қазақстан Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Израиль Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының Президенті Шахар Турджеманмен кездесті.

Кездесуде тараптар екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен аясын кеңейту жолдары талқылады.

Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді экономикалық жаңғыртуға және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған ағымдағы реформалары мен бастамалары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, Ш.Турджеман өзара экономикалық серіктестігіміздің әлеуетін атап өтіп, Израильдің Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының қазақстандық бизнес-қоғамдастығымен іскерлік байланысын арттыруға мүдделілігін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттасушылар екі елдің бизнес және инвестициялық жобалары туралы тұрақты негізде ақпарат алмасуға келісті.