Елшілік туризм мәселелері бойынша вебинарына қатысты

Елшілік туризм мәселелері бойынша вебинарына қатысты

Қазақстан Республикасының Елшілігі "Eco field tours" Израиль турфирмасы ұйымдастырған вебинарға қатысты. Вебинар тақырыбы "Израиль - Қазақстан" Сауда-өнеркәсіп палатасы басшысының орынбасары Зеев Левиннің Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы презентациясы болды.

    Онлайн кездесуге 400-ден астам қатысушы біздің елге келуге үлкен қызығушылық білдірді. Вебинарға Израиль, АҚШ және Батыс Еуропадан иврит тілді тыңдаушылар қатысты.

    Қатысушылар Қазақстан қалаларына, сондай-ақ Қайыңды көлі, Алтын Емел ұлттық паркі, Шарын шатқалы, Шымбұлақ тау шаңғысы курорты және басқа да көрнекті орындарға саяхаттармен танысты.